Видео

ЕАЭО аумағындағы такси нарығының жұмысы туралы бейнекөпір

Sputnik ақпарат агенттігінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы такси нарығының жұмысы туралы бейнекөпір өтті. Толығырақ видеодан көріңіз
Sputnik

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінде Мәскеу–Нұр-Сұлтан–Бішкек–Ереван–Минск бейнекөпірі өтті. Бейнеконференцияда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағындағы такси нарығының қызметі мен бәсекелестікті бұзу мәселелері талқыланды.

Шараға қатысушылар:

– Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Алексей Сушкевич;

 – Жоғары экономика мектебі заң және даму институтының директоры-Сколково Алексей Иванов;

 – "Такси" халықаралық еуразиялық форумы құзыреттілік орталығының жетекшісі Станислав Швагерус.

Сарапшылар ЕЭК салалық қауымдастықтар мен такси парктері, ЕАЭО мемлекеттерінің такси жүргізушілері өкілдерінің қатысуымен шекаралас нарықтағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу, кіруге рұқсат беру мәселелері бойынша өткен отырыстың нәтижелері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, олар такси қызметі мен баға белгілеу мәселелерін сөз етіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Бейнекөпір Sputnik.kz сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілді.