Саясат

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Дәулет Кәрібек осы луазымға тағайындалғанға дейін Nur Otan партиясы астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. 30 жастағы Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаарық ауылында дүниеге келген.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатын бітірген. 2012 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде саясаттану мамандығын оқыған. 2014 жылы аталған оқу орнынан магистр, ал 2018 жылы PhD докторы дәрежесін алған.

Еңбек жолын "Жас Отан" жастар қанатының Астана қаласы мен Алматы облысы бойынша бірінші орынбасары қызметінен бастаған.

Әр жылдары әділет министрлігі сот-сараптама орталығының инспекторы, "Жас Отан" жастар аппараты филиалының аппарат жетекшісі, жастар қанатының менеджері, хатшылық меңгерушісі, жауапты хатшы, Nur Otan партиясының "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы болған.

Сонымен қатар, ол Қазақстан президентінің сайлауалды штабының Team Qazaqstan жастар қанатын басқарды.

Оқи отырыңыз: Қызылорда әкімі сегіз жылдан кейін қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған. Президенттік жастар кадрлық резервінің, Nur Otan партиясы саяси кеңес бюросының мүшесі.

Бірқатар ғылыми мақалалардың авторы.