Оқиға

Жігітпен кездескен: Нұр-Сұлтанда қонақ үйде түнеген қыз полиция шақыруға мәжбүр болды

Жігіт қыздың қонақ үйде ұйықтап қалғанын пайдаланып, 100 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жігіт қызбен кездесуден кейін оны тонап кетті, деп хабарлады елорда полиция департаменті.

Жастар әлеуметтік желіде танысып, бір-екі ай хат жазысып, кейінірек бетпе-бет кездесуге шешім қабылдаған.

"Хат алмасқаннан кейін олар кездесуге келіскен, жігіт өзінің жаңа танысын қонақ үйге шақырған. Оңаша отырыстан кейін қыз алтын бұйымдарын шешіп, ұйықтап қалған. Күдікті осыны пайдаланып, жәбірленушінің 100 мың теңге тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап, таңғы сағат төртте қонақүйден шығып кеткен", - деп хабарлады полиция.

Ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, ол бұрын бірнеше рет сотталған.

Ақтөбелік қалыңдығына ұсыныс жасады: оқиға трагедиямен аяқталды - видео

Ер адам кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұған дейін жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.