Өңірлер

Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары бес жарым жылға сотталды

Аудан әкімінің бұрынғы орынбасары бес жарым жылға сотталып, сот залында қамауға алынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім Қостанай аудандық сотында шықты, деп хабарлады "Наша газета".

Шенеунік Қостанай облысындағы сот залында қамауға алынды. Бұл түпкілікті шешім емес, облыстық сотқа әлі де шағымдануға болады.

Басылымның хабарлауынша, әкімнің бұрынғы орынбасарына кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген айып тағылды. Алайда кейіннен бап лауазым өкілетін асыра пайдалануға өзгертілді.

"Өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілетін асыра пайдаланып, қарамағындағы жер қатынасы бөлімі бастығының қарсылық танытпайтынын білген. Заречное ауылының тұрғындары көшеге газ тарту мәселесі шешілмей жатып құм өндіру ісіне қарсы болған. Ол тұрғындардың осы наразылығын жерді пайдалану құқығын беруге кедергі жасау үшін қолданған, - делінген сот оқыған үкімде.

Сот айыпталушының кінәсі дәлелденгенін айтып, оны 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Бұл прокурор сұраған мерзімнен алты айға көп.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік кірістер департаменті экс-басшысының не үшін ұсталғаны анықталды

Сондай-ақ сот "Ремдортехник" ЖШС директорының 42 миллион теңге мөлшерінде шығын өтеу туралы талабын қарастырмады. Ал моральдық зиян мөлшерін 10 миллион теңгеден 500 000 теңгеге дейін қысқартты. Сот әкім орынбасарының мүлкін тәркілеуден бас тартты, өйткені оны сатып алудың заңсыздығы туралы ешқандай дәлел жоқ.