Оқиға

Үшінші қабаттан секірді: Көкшетауда сауда орталығында қайғылы жағдай болды

Қоршаудан секіріп кеткен он тоғыз жастағы жергілікті тұрғынды аман алып қалу мүмкін болмады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Көкшетау тұрғыны "Алтын ғасыр" сауда орталығында өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысының полициясы суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеруді бастады.

"9 сәуірде белгісіз ер адам жедел жәрдем келгенге дейін сауда орталығында кенеттен қайтыс болды", – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына шұғыл жетіп, ер адамның жеке басын анықтады.

"Марқұм 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Бас имам: суицид жасағандарды бөлек жерлеуге әуелде тұрғындар қарсы болды

Осы фактіге байланысты тәртіп сақшылары тиісті шараларды жүзеге асыруда.