НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Ақтау тұрғындары бір-біріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараты қоршауының артында болған атыстың видеосын жіберді. Болған жайт желі қолданушыларының үрейін ұшырды. ҰҚК өңірде оқу-жаттығулар өтіп жатқанын хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың күш-құрылымдарының қатысуымен оқу-жаттығулар өткізілгенін жеткізді.
Оқу-жаттығуларға мемлекеттік және әскери нысандар қатысты, терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйін тексеру үшін имитациялық құралдар қолданылды.
Арнайы операция: ҰҚК аса қауіпті қылмыстық топты ұстады – видео
Жаттығу аумағында көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне шектеу қойылды.
ҰҚК облыс тұрғындарынан сабырлық танытуды, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қажет болған жағдайда құқық қорғау және күштік органдарға көмек көрсетуді сұрады.