Видео

Нұр-Сұлтан тұрғындары COVID-ке қарсы вакциналауға қатысты не дейді - видео

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды. Екпе ерікті түрде және тегін салынады
Sputnik

10 сәуірден "Mega Silk Way" сауда және ойын-сауық орталығында вакцина салынып жатыр. Вакцинаның бірінші компонентін орталық қызметкерлері, бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері алды.

Бұдан басқа, вакцина алдын ала жазылу арқылы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, яғни емханаларда, отбасылық денсаулық орталықтарында, дәрігерлік амублаторияларда және тағы басқа орындарда салынады.

Әкімнің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайды. Олардың жұмыс кестесі сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алуға egov мобильдік қосымшасы арқылы немесе 109 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.

Ал астаналықтар вакцина салуға қалай қарайды? Олардың арасында екпеге қарсылық білдіретіндер көп пе? Sputnik Қазақстан тілшісі көшеге шығып, қала тұрғындарының вакциналауға қатысты ойын білді.