Оқиға

Алматы тұрғыны бейтаныс жігітке оқ атты - күдікті ұсталды

Оңтүстік астана аулаларының бірінде бейтаныс екі адам арасында жанжал шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Алматыда Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында жас жігітке оқ атылды, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Екі бейтаныс адам арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде 1998 жылы туған ер адам травматикалық тапаншадан атылған оқтан жарақаттанды. Ол медицина мекемесіне жеткізілді", – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға болған жерді полиция қызметкерлері қоршауға алды. 1987 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Қыз үшін атысқан: Нұр-Сұлтан тұрғындары түн ортасында шошып оянды

Қылмыстық кодекстің 293-бабының (Бұзақылық) үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.