НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 2 440 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 446,
- Алматы қаласы - 717,
- Шымкент қаласы - 72,
- Ақмола облысы - 101,
- Ақтөбе облысы - 116,
- Алматы облысы - 254,
- Атырау облысы - 149,
- Шығыс Қазақстан облысы - 49,
- Жамбыл облысы - 38,
- Батыс Қазақстан облысы - 110,
- Қарағанды облысы - 169,
- Қостанай облысы - 33,
- Қызылорда облысы - 43,
- Маңғыстау облысы - 33,
- Павлодар облысы - 38,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 49,
- Түркістан облысы - 23.
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдар саны 263 943 адамға жетті. 229 538 пациент жазылып шығып, 3 171 науқас қайтыс болды.