Байқоңырдан "Гагарин" ғарышқа аттанды

Ұшырылғаннан кейін шамамен тоғыз минуттан кейін ғарыш кемесі орбитаға шығады. 3 сағат 25 минут өткен соң халықаралық ғарыш станциясына тоқтайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағынан "Ю.А.Гагарин" (Союз МС-18) ғарыш кемесі ұшырылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Байқоңырдан "Гагарин" ғарышқа аттанды

Ресейлік Олег Новицкий мен Петр Дубров және америкалық Марк Ванде Хай сынды ғарышкерлерден құралған экипаж халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

Ғарыш кеңістігін игеру ісіндегі алғашқы қадамға 60 жыл толуына орай "Союз МС-18" ғарыш кемесіне "Ю. А. Гагарин" есімі берілді. Сәйкес жазба кеменің қаптамасына жазылды. Ал зымыранның бас жағы ғарышкердің портреті және "Гагарин жылы 1961-2021" деген жазбамен әрленген.

1961 жылдың 12 сәуірінде 27 жастағы Юрий Гагарин алғашқы болып орбитаға аттанды. Осыдан алпыс жыл бұрын ол ғарыш кеңістігіне жол салды.

Ұшырылғаннан кейін шамамен тоғыз минуттан кейін ғарыш кемесі орбитаға шығып, 3 сағат 25 минут өткен соң халықаралық ғарыш станциясына тоқтайды.

Байқоңырдан "Гагарин" ғарышқа аттанды

Ғарыш кемесі ұшатын күні Байқоңырда ғарышкерлердің жақындары мен туыстарының қатысуына тыйым салынды. Бұл эпидемияға қарсы күрес талаптарын сақтау мақсатында орындалды.

Ұшу уақыты шамамен 191 тәулікке созылады.

Кеменің ұшу және ғарыш станциясына түйісу сәтін мына сілтеме арқылы көруге болады.