НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры басқармасының шешімімен Сұңғат Есімханов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
"Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ұжымға "Самұрық-Энерго" АҚ-ның жаңа басшысын таныстырды.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан темір жолының" басшысы ауысты
Бұған дейін Сұңғат Есімханов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Әр жылдары энергетика вице-министрі, энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы, "Қазақэнергосараптама" АҚ президенті, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Маңғыстау және Қарағанды облыстарындағы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін және "Болашақ" институтын бітірген.
Бұған дейін "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов болды.