Оқиға

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды – фото

Шығыс айналма жолындағы апат салдарынан Honda Civic жолаушысы жарақат алып, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Алматыда Халиуллина көшесінің қиылысында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, бір-бірімен соқтығысқан жеті көліктің барлығы да бір бағытта келе жатқан.

Ең алдымен Камаз жүргізушісі бар жылдамдықпен Газельдің артынан соғып, жаппай жол апатына себеп болған.

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды – фото

Инерциямен қозғалған Газель Honda Civic крассоверін, ал ол өзінің алдында келе жатқан Lada көлігін соғуы салдарынан үш көліктің қозғалысы ырық бермей кеткен.

Сондай-ақ, жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүк көлігі №205 бағыттағы автобусқа алдын тіреп тоқтаған.

Алматыда жүк көлігі жаппай жол апатына себеп болды – фото

Жол апатынан Honda Civic жолаушысы жарақат алып, ол жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.