НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Көкшетаудағы мектептердің бірінде бас бухгалтер болып қызмет атқарған әйел өзіне бес миллион теңгені жалақы ретінде аударған, деп хабарлайды 716.kz паблигі.
№4 орта мектептің бухгалтері 5,6 миллион теңгені (11 500 доллар) өзіне жалақы ретінде заңсыз аударған. Бұл факті білім мекемесіне аудит жүргізу кезінде анықталды.
"Сарапшылар 5 миллион 605 мың теңге көлеміндегі қаражатты жымқыру фактісін анықтады. Бұл сома мемлекет бюджетіне қайтарылуға тиіс", - деп жазылған ақпаратта.
Анықталғандай, бас бухгалтер жалақыны есептеу кезінде жұмыс өтілі жоғары қызметкерге арналған жоғары коэффициентті қолданған.
Экс-ректор сотталып, директорлар ұсталды: 2020 жылы білім саласында болған дау-дамайлар
Жүргізілген аудит материалдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жолданды. Аталған ведомство күдіктіге қылмыстық іс қозғады. Қазір 499 мың теңге (1100 доллар) бюджетке қайтарылды.