Өңірлер

Түркістанда жүкті әйелдің бауырынан құрт шықты

Жас ана облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, оған шұғыл ота жасалды. Науқастың бауыр жылауығы жарылып кете жаздаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Түркістан облысында дәрігерлер екі бірдей ота жасап, ана мен баланың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Дәрігерлер алдымен әйелді кесар тілігі арқылы босандырды. Одан кейін лапоротомия әдісімен бауырдың оң жағын құрттан тазалады. Осылайша, екі бірдей ота жасап, ана мен баланың өмірін құтқарып қалды. 

Оқи отырыңыз: Алматыда баланың бауырынан 160-қа жуық құрт шықты  

"Шұғыл диагностика мен зертханалық талдаудан кейін ота жасауға шешім қабылданды. Ана мен баланың өміріне қауіп төніп тұрған. Себебі эхинококк жылауығы жарылуға жақын болды. Қазіргі кезде ана мен баланың жағдайы жақсы, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Екеуін де үйге жібердік", – дейді хирургиялық бөлімнің меңгерушісі Мақсұт Аймағанбетов.

Жалпы, жыл басынан бері облыстық ауруханада 3 501 ауыр ота жасалды. Ал өткен жылы дәрігерлер шамамен 12 мың ота сәтті өтті.