Экономика

Саранда шина зауытының құрылысы басталды

Жобаны 2022 жылдың соңында іске асыру жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 125 миллиард теңгені құрайды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов Қарағанды облысының Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысын бастап берді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Жобаны "Аллюр" компаниялар тобы" АҚ мен "Татнефть" ЖАҚ бірлескен кәсіпорны – "KamaTyresKZ" ЖШС жүзеге асырады. Ал зауыттың өндірістік қуаты бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 миллион көпбейінді шинаны құрайды, кейіннен жылына 9 миллион шинаға дейін жеткізіледі.  

Зауыт Қазақстан автомобиль өндірісін оқшаулау деңгейін арттыруға мен шиналар импортын алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өнімнің 40%-ін экспортталады.

Саранда шина зауытының құрылысы басталды

Ал жобаны 2022 жылдың соңында іске асыру жоспарланған. Инвестициялардың жалпы көлемі 125 миллиард теңгені құрайды.

Зауытта 1 100-ден астам жоғары білікті жаңа жұмыс орны ашылады. Қазірдің өзінде кәсіпорын персоналы "Татнефть" ЖАҚ шина кәсіпорындарында тағылымдамадан өте бастады.

Үкімет басшысы шина зауытын салу жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты іс жүзінде кеңейгенін айғақтайтынын атап өтті.

"Саран қаласында шина зауытын салу Қарағанды облысының және жалпы Қазақстанның экономикасына мультипликативті әсерін тигізеді. Сонымен қатар, оның бәсекеге қабілеттігін арттырып, жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құрады. Зауыт өңірдегі ең ірі зауыттардың біріне айналады, оның өнімдері жоғары экспорттық әлеуетке ие болады", – деді А. Мамин.

Татарстан президенті Минниханов өз сөзінде Қазақстан Татарстанның жетекші шетелдік серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Ал 2020 жылы пандемияға қарамастан тауар айналымы 14%-ға өсіп, $630 миллионнан асты.

"Шина зауытының салынуы мен іске қосылуы Қазақстанның қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенінің маңызды элементіне айналады, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының қарым-қатынасын нығайту жолында Татарстан-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі арттыруға түрткі болады деп сенемін", — деді ол.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдары, өндіріс қуаты жылына 186 мың тонна бутадиен каучугы мен 170 мың тонна изобутанды құрайтын болады.

Бұдан басқа, Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Татнефть" ЖАҚ арасында Қазақстанда битум зауытын салу ниеті туралы келісімге қол қойылды.