Қоғам

Қазақстанда бір күнде коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды

Қазіргі кезде 452 адамның жағдайы ауыр және 117 пациенттің жағдайы өте ауыр. 70 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Өткен тәулікте 18 науқас коронавирустық инфекция салдарынан, тағы екі пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

5 сәуірдегі жағдай бойынша 278 36 адам коронавирус инфекциясынан емдеуді жалғастыруда. 26 662 адамда COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже, ал 1 174 пациентте теріс нәтиже (пневмония) көрсетті.

Сондай-ақ, 10 354 адам стационарда, 17 482 науқас амбулаториялық жағдайда емделуде.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар адам өмірін қысқартатын өнімді атады

Қазіргі кезде 452 адамның жағдайы ауыр және 117 пациенттің жағдайы өте ауыр. 70 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.