Оқиға

Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты  

ВАЗ-2114 қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысты. Жүргізушілердің бірі көз жұмып, бірі ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Алматы облысында жол апаты адам өмірін қиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты  

Қайғылы оқиға Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылында болды.

Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты  

ВАЗ-2114 автокөлігі Қарасай батыр көшесімен келе жатқан. Осы кезде жаяу жүргінші "зебра" арқылы жолдан өтуге ыңғайланады. Жүргізуші адамды қағып кетпеу үшін рөлді бұрып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ВАЗ-2107 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Алматы облысында қайғылы оқиға болды: екі ВАЗ көлігі бетпе-бет соқтығысты  

ВАЗ-2107 жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. ВАЗ-2114 жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.