Қоғам

Жел күшейіп, көктайғақ болады: синоптиктер ауа райын болжады

Алматы мен Нұр-Сұлтанда бұлтты ауа райы +7, +3 градус шамасында жылы болады және оңтүстік астанада жауын-шашын түседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет" орталығы 5 сәуірде Қазақстан аумағында ауа райы құбылысын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Солтүстік-шығысқа қарай ауысатын циклон ықпалы Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтығандықтан, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақта нөсерлі жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады деп болжанды", – делінген хабарламада.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ жүріп желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік-батыста – бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл,  ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – найзағай, бұршақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ, күндіз найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, 15-20 м/с жел соғады және екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Түркістан облысында да ауа райы осылай құбылады.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с дейін жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетіп, түнде найзағай ойнайды.

Маңғыстау мен Атырау облысының кей ауданында тұман күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай облысында тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстанда – түнде, Шығыс Қазақстан облысында – таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысында тұман түсіп, соңы көктайғаққа ұласады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ, ал күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с болады.

Алматы қаласында күндіз 7 градус жылы болады. Күн бұлтты әрі жаңбыр жауады.

Ал Нұр-Сұлтанда күндіз 3 градус жылы әрі бұлтты болады.