Видео

Арктикада бір уақытта үш атом сүңгуір қайығы қалқып бетке шықты

Бір-бірінен үш жүз метр қашықтықта орналасқан атом сүңгуір қайықтары қалың, бір жарым метрлік мұз қабатын жарып шықты. Ресейдің "Умка-2021" арктикалық экспедициясы кезінде түсірілген видеолар жарияланды
Sputnik

Сүңгуір қайықтар Ресей әскери-теңіз күштері бас қолбасшылығының басшылығымен "Умка-2021" кешенді арктикалық экспедициясы аясында мұндай маневрді алғаш рет жасады.

Экспедиция 20 наурызда басталды. Ресей президенті Владимир Путин оның кеңестік және қазіргі заманғы ел тарихында баламасы жоқ екенін мәлімдеді.

Субмариналардан бөлек, ресейлік МиГ-31 жойғыш ұшақтары да ерекше маневр жасады.