Қоғам

Рамазан–2021: Мүфтият ораза кестесін жариялады

Биылғы пітір садақа мөлшері 420 теңге деп белгіленді. Бұл қайырымдылық көрсету құнының ең төменгі мөлшері
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика аймақтарына арналған ораза айының кестесін жариялады.

Рамазан–2021: Мүфтият ораза кестесін жариялады

2021 жылғы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

Рамазан–2021: Мүфтият ораза кестесін жариялады

Биылғы пітір садақа мөлшері 420 теңге деп белгіленді. Садақаның мөлшері екі килограмм ұнның орташа бағасымен есептеледі. Ал ұнның бағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқарманың қалалық және облыстық өкілдіктері ұсынған ақпарат негізінде анықталды, деп хабарлады мүфтияттың ресми сайты.

Рамазан–2021: Мүфтият ораза кестесін жариялады

Қазақстан аймақтары үшін ораза мен намаздың кестесін мына сілтемеден көре аласыз.

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау – ислам дініндегі бес парыздың бірі.

Қадір түні қашан

Ләйләтүл-Қадір немесе Қадір түні 2021 жылдың 8 мамырынан 9 мамырына қараған түнге сай келеді.

Қадір түні қарсаңында адамдар тән тазалығымен қатар (ғұсыл алып), жан тазалығына да ден қояды. Сана мен жүректі жағымсыз ойлардан арылтып, ізгі амалдар жасайды.

Ораза айт қай күні басталады

Үш күнге созылатын ораза айттың бірінші күні 13 мамырға сай келеді. Ораза айт мейрамы күллі мұсылмандар қауымы үшін қасиетті күн саналады және бұл Рамазан айының аяқталғанын білдіреді.