Қоғам

Байқоңыр тұрғыны 60 теңге үшін 14 жасар баланы соққыға жықты

Зардап шеккен жасөспірім күдіктінің жиені екені белгілі болды, қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik

ҚЫЗЫЛОРДА, 3 сәуір – Sputnik. Байқоңыр тұрғыны 14 жасар баланы соққыға жыққан. Прокуратура қылмыстық істі бақылауға алды.

"Байқоңыр қаласының 26 жастағы тұрғыны 14 жасар жиені 60 теңге ұрлады деп күдіктеніп, оны жөнге салғысы келген. Ер адам баланың басынан оқтаумен бірнеше рет ұрады. Осылайша жасөспірімге дене жарақатын салып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді", - деп хабарлады Байқоңыр кешенінің прокуратурасы.

Қаланың ресейлік құқық қорғау органдары 26 жастағы ер адамға қатысты қару ретінде зат пайдаланып, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады қадағалаушы органдағылар.

Оқи отырыңыз: "Билеуге шақырған": Шымбұлақта ер адам 14 жастағы баланы ұрып тастады - видео