Өңірлер

"Дуа жасайтынын айтты": Ақтау тұрғыны пәтерінде күркетауық өсіреді– видео

Көршілері әйелдің үстінен полицияға арыз жазған, алайда бұл да көмектеспеді. Енді олар Ақтау қаласының әкімдігі мен прокуратурасына шағымданбақшы
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ақтауда көпқабатты үйлердің бірінің тұрғыны пәтерінде күркетауық өсіреді. Жағымсыз иіс пен антисанитариялық жағдайға шыдамаған көршілері әйелдің үстінен полицияға арыз жазған.  

62 жастағы әйел ұйымдастырған "шағын ферма" №25 тұрғын үйде орналасқан, деп жазады "Лада" өңірлік порталы.

"Жағымсыз иіс бүкіл подъезді алып барады. Соның салдарынан тарақан мен тышқан қаптады. Оның үстіне, егер біз арыздансақ, ол дуа жасайтынын айтты", - деп шағымданды тұрғындар.

Үй тұрғындары полицияға хабарласқан. Бірақ учаскелік полицей келгенде әйел оны пәтеріне кіргізбеген.

"Ол ұлымен бірге тұрады. Баласы үнемі вахтада. Біз әкімдікке, СЭС пен прокуратураға шағым дайындап, тоқтатуға тырыстық. Көршілерден қол жинадық. 5 сәуірде біз арызымызды осы органдарға жібермекшіміз. Осындай жағдайға жеткізбей, келіспекші болдық. Ол өз ісін тоқтатып, тазалықты қалпына келтіреді деп ойладық", - деді ашулы тұрғындар.

Жергілікті полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Осы үйдің тұрғынынан ауызша арыз түсіп, сурет, видео жібеген. Учаскелік полиция қызметкері әйелдің пәтеріне кіруге тырысты, бірақ ол есігін ашпады ", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне және қала әкімдігіне тиісті хат жіберді.