Өңірлер

Мемлекеттік кірістер департаменті экс-басшысының не үшін ұсталғаны анықталды

Тергеу мәліметі бойынша, ол ақшаны салық тексерісін уақтылы және кедергісіз аяқтағаны үшін алған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір - Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу күдіктінің салық тексерісін уақтылы және кедергісіз аяқтағаны үшін 100 мың доллар көлемінде ақша алғанына сенімді. 

"Сондай-ақ мемлекеттік кірістер департаменті басқа кәсіпорындардың коммерциялық қызметін кедергісіз жүзеге асыруына мүмкіндік берген", - делінген хабарламада.

Жақына арада сот бұрынғы салық қызметкерінің тағдырын шешеді.