Фото

Қытайдағы үйлену тойы: су астында неке қию рәсімі – фото

Sputnik

Көктем – махаббат пен жылулықтың, жарқын көңіл-күй мен ғашықтық сезім маусымы. Ғашықтар жылдың осы мезгілінде некелесуді армандайды.

Қытайдағы үйлену тойы кезінде түсірілген ерекше, ашық әрі күтпеген суреттер біздің топтамызға енді. Бұл елде бір-бірінен озып түсетін айрықша фотосессиялар ұйымдастыру сәнге айналған.   

Жастар үйлену салтанатына дейін бірнеше ай бұрын фотосессия ұйымдастырады. Қытайлықтар өмірдегі ең бақытты сәттерінен естелік болатын мінсіз кадрлар қалдыру үшін бұл маңызды іске асықпай дайындалады.  

Сондықтан қазір Қытайда фотоиндустрия саласы қарқынды дамып жатыр. Әсіресе үйлену тойында өзіндік идеялары мен ұсыныстары бар фотографтар үлкен сұранысқа ие.

Оқи отырыңыз: Соғыс және табиғи апат кезіндегі үйлену тойы: ғажап суреттер

Эмоцияға толы әдемі кадр шығуы үшін жас жұбайлар сағаттап аяқтарынан тік тұруға дайын. Салтанатқа сай киімдерді жалға алып, шаштараз бен визажист сынды мамандардың қызметіне жүгініп, басқа елді мекендерге жолға шығатындары да бар.  

Қытай жастарының арасында үйлену тойының фотосессиясын неғұрлым әсерлі әрі әдемі етіп өткізу байлық пен салтанаттың белгісі. Олар бұл үшін суда жүзіп, ауада қалықтауға да дайын.

1 / 15
Қытай ғашықтары су астында суретке түскенді ұнатады. Суретте: Шанхайдағы су астындағы фотосессия кезіндегі жастар.
2 / 15
Қытайда қалыңдық пен күйеу жігіт үшін үйлену тойындағы суреттердің маңызы зор. Суретте: Бейжіңде фотосессияға дайындалып жатқан жас жұбайлар.
3 / 15
Суреттердің сапалы шығуы үшін қалыңдық пен күйеу жігіттің туыстары қаражатын аямайды. Суретте: Шанхайдағы фотосессия кезіндегі жастар.
4 / 15
Бұл елде фотосессия ресми некеге дейін өтеді. Суретте: Қытайдағы фотосессия кезіндегі қалыңдық.
5 / 15
Қытай жастары ертегі тақырыбында фототүсірілім ұйымдастырғанды ұнатады. Ол үшін айрықша декорация мен антураж таңдалады. Түсірілім студияда немесе табиғат аясында өтеді. Суретте: Уханьдағы фотосессия кезінде тас үстіне шыққан ғашықтар.
6 / 15
Фотосессияға бір күн уақыт кетуі мүмкін. Суретте: Шанхайдағы фотосессия кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт секіріп суретке түсуде.
7 / 15
Фотосессия үшін фотограф, стилист, шаштараз, визажист сынды мамандар тобы шақырылады. Суретте: Бейжіңдегі фотосессия кезіндегі жұп.
8 / 15
Ерекше әрі креативті суреттердің артында бүтіндей бір команданың маңдай тер еңбегі тұр. Суретте: Шанхайдағы фотосессия кезінде қалыңдық көлеңкеде тынығуда.
9 / 15
Қытай көшелерінде суретке түсіп жатқан әдемі киінген жас жұбайларды жиі кездестіруге болады. Суретте: Ухань көшесіндегі қалыңдық пен күйеу жігіт.
10 / 15
Аспан асты еліндегі болашақ ерлі-зайыптылар үйлену тойы суреттеріне ерекше мән береді. Суретте: Уханьда күйеу жігіт қалыңдықты көтеріп тұр.
11 / 15
Қытайлықтар фотосессияға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Суретте: жас жұбайлар Бейжіңдегі саябақта суретке түсіп жатыр.
12 / 15
Қалыңдық тек ақ түсті көйлек емес, қытайлықтар үшін дәстүрлі қызыл түсті киім киюі де мүмкін. Суретте: Бейжіңдегі Аспан ғибадатханасының алдындағы алаңда жас ерлі-зайыпты суретке түсіп жатыр.
13 / 15
Әдетте фототүсірілім некеге тұру салтанатынан бірнеше ай бұрын ұйымдастырылады. Суретте: Бейжіңдегі Лама ғибадатханасының алдында суретке түсіп жатқан жастар.
14 / 15
Кейде суретке түсу шарасы үйлену тойынан да маңызды болады. Суретте: Бейжіңдегі құм дауылы кезінде суретке түсіп жатқан жастар.
15 / 15
Фотосессияға бірнеше сағат жұмсалуы мүмкін. Бұл уақыт аралығында қалыңдық пен күйеу жігіт бірнеше рет киім ауыстырып үлгереді. Суретте: Ухань көшесіндегі жас жұбайлар.