"Сармат" зымыранының сынағы қашан басталады

18 000 шақырымға ұша алатын "Сармат" жаңа ауыр континентаралық баллистикалық зымыраны (КБЗ) ұшу сынағынан өтеді. Одан кейін сериялық өндіріс басталып, бұл зымырандар Ресей мен оның одақтастарының аумағында қауіпсіздікті қорғау қызметіне кіріседі
Sputnik

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин 30 наурызда "Сармат" РС-28 зымырандарының ұшу сынағына дайындық жүріп жатқанын және жақын уақытта іске асатынын мәлімдеді.

Ұшу-конструкторлық сынақтардың аяқталуы мен ауыр "Сармат" КБЗ бар кешен өндірісінің басталуы 2021 жылға жоспарланған болатын. Келесі жылы "Авангард" гипердыбысты жоспарлаушы блоктары бар су жаңа зымыран стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлері (СМЗӘ) қатарына жауынгерлік қызметке қабылданады. Қуатты "Сармат" атақты "Воеводаның" орнын басады. Ол ядролық ұстап тұру арқылы 32 жылдан бері елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.

Су-57 және С-70: жаңа ресейлік қару-жарақтың ерекшелігі неде?
2018 жылдың наурызында Плесецк ғарыш айлағында "Сарматтың" серпіме сынақтары аяқталған болатын. Содан кейін 2019 жылдың желтоқсанында СМЗӘ бас қолбасшысы Сергей Каракаев бас зымыран полкі жаңа кешендермен қайта қарулануға дайын екенін мәлімдеді. Ол "Сарматтың" конструкциясы мен тактикалық-техникалық сипаттамалары Ресейдің жетекші жоғарғы оқу орындарында бірнеше жылдан бері меңгеріліп жатқанын айтты.

Тиімді жүктемесі шамамен 10 тонна стартта салмағы 208 тонна болатын зымыран 18 мың шақырым қашықтықта қарсылас нысандарына соққы жасауға мүмкіндік береді. "Сармат" жаңа буынға жататын гипердыбыстыларды қоса алғанда, жауынгерлік блоктардың бүтіндей бір топтамасымен жабдықталады. "Сарматқа" арналған гипердыбысты "Авангард" СМЗӘ Домбаров зымыран дивизиясында жауынгерлік кезекшілікке кіріскен. КБЗ шахталары ауқымды ядролық соққы есебімен әзірленген.

"Сарматтың" шетелдік баламасы жоқ. Мысалы, әлдеқайда жеңіл америкалық Minuteman III КБЗ-ның қашықтығы – шамамен 10 мың шақырым. Ол бірнеше модернизациялаудан кейін де ресейлік "Воеводамен" теңесе алмайды. Жаңа GBSD (Ground Based Strategic Deterrent) жобасы әзірленіп жатыр. Бірақ ол да "Сарматпен" бәсекелесе алмайды. Ең дұрысы, ресейлік "Сармат" кешенін ресейлік "Воеводамен" салыстыру керек.

СМЗӘ ардагері ауыр топқа жататын жауынгерлік блоктарды 11 мың шақырым қашықтыққа жеткізе алады. Ал "Воеводаның" моноблокты бас бөлігі қарсылас нысандарына 16 мың шақырым қашықтықта оқ жаудыруға қауқарлы. "Сармат" екі тоннаға артық тиімді жүктеме тасымалдай алады, әлдеқайда жылдам және екі мың километрге ұзақ ұшады.

Жауынгерлік қуаты жағынан "Воевода" мен "Сармат" бірдей. Себебі әрбір зымыранның штатты жүктемесі көлемі Техаспен бірдей аумақтың көзін жоюға жетеді. Үдемелі учаскесі, КБЗ-ның Aegis, THAAD сынды жүйелерді айналып өту қабілетін салыстыру әлдеқайда күрделі. Ашық дереккөздерде толық ақпарат болмағанымен, ауыр топқа жататын КБЗ зымыран шабуылынан қорғаныс жүйелерін тез еңсеруге және нысанаға дөп тиюге "міндетті".

"Воевода" мен "Сарматтың" негізгі айырмашылығы – ядролық емес соққының жоғары дәлдік ықтималдылығы. Атмосферадағы шамамен 15 Мах жылдамдық кезінде жауынгерлік блоктың кинетикалық энергиясы аймақты радиоактивті зақымдаусыз жойқын түрде көзін жоюға кепілдік береді.

Ресейде Илон Масктің жобасына ұқсас зымыран жасалады
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 1998 жылы 58 бірлік Р-36М2 "Воевода" КБЗ орналастырылған. Бүгінде әлемдегі жағдай дәл осы көлемде континентаралық баллистикалық зымыранның сериялық өндірісін жүргізуге мүмкіндік береді. Біраз бұрын CNBC арнасы АҚШ-тың барлау қауымдастығына сілтеме жасай отырып 60 бірлік "Сармат" туралы ақпарат таратты. Қалай болғанда да Стратегиялық шабуылдау қаруын шектеу туралы келісімшарт бойынша Стратегиялық ядролық күштерге арналған континентаралық баллистикалық зымыран мен жауынгерлік блоктардың шекті көлемі белгілі.

Ресейлік кешеннің таңғаларлық мүмкіндіктерін сипаттай келе, Military Watch басылымы былай деп жазды: "Сармат" шамамен 10 Мах жылдамдықпен қозғалатын болады. Ал "Авангард" 20 Махтан астам жылдамдықпен оқтұмсықтар жеткізіп отырады... "Сармат" бір соққы арқылы көлемі Францияға тең келетін аумақтың күл-талқанын шығаруға жеткілікті бірнеше ядролық оқтұмсық тасымалдай алады. "Авангард" екі тонналы оқтұмсықты тасымалдайды. Бұл "Сарматтыкінен" шамамен 3-4 есе қуатты. Осылайша "Авангард" әлдеқайда жылдам және шоғырланған соққы жасаса, "Сармат" соққысының ауқымы едәуір кең болады. Екі платформаның арасындағы айырмашылық оларға өзара әрекеттесе отырып, бірлескен шабуылдар жүргізуге мүмкіндік береді.

The National Interest басылымы "Сарматты" ресейлік стратегиялық қарулардың ішіндегі ядролық соғыс жүргізу құралдарының көзін жоюға арналған ең беделдісі деп бағалады. Пентагон Ресеймен қақтығыс бола қалған жағдайда Ресей АҚШ аумағына "Сарматтар" арқылы шабуыл жасайтынын жақсы түсініп отыр. Америкалық сарапшылардың пікірінше, бір РС-28 "Сармат" КБЗ 7,5 ядролық мегатонна жеткізе алады. Бұл АҚШ-тың 35-37 миллион азаматының өліміне әкеп соғады. Ал он зымыран бүкіл елді жойып жіберуі мүмкін.

Жауынгерлік дайындық іске қосылғаннан кейін, 60 секунд ішінде "Сармат" зымыран шабуылынан қорғаныс жүйелерін айналып өтіп, болжап білмейтін траекториялар арқылы ұша алады. 15 Мах жылдамдықпен маневр жасайтын "Сарматтың" жолында тосқауыл жасау мүмкін емес.