Өңірлер

Риддерде әйел болып киінген ер адамның қылмысы әшкереленді – видео

Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде ұсталған 45 жастағы тұрғын әйел емес, ер адам болып шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында шағын несие ұйымын тонаған қарақшы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, Риддер қаласының полиция бөлімшесіне хабарласқан адам микроқаржы ұйымының кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалғанын, ал қарақшының қыз болғанын айтты. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, сондай-ақ, криминалдық полиция бөлімшесінің аумақтық қызметкерлері барды.

Іздестіру шаралары кезінде күдікті бір сағаттың ішінде ұсталды. Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны қыз емес, ер адам болып шықты. Ол қарақшылық шабуылға алдын ала дайындалған.

"Капюшоны бар ақ түсті әйелдер күртешесі мен өкшесі бар ақ етік, әйелдер паригі мен қара шарф және бет-әлпетін жасыратын медициналық маска киіп алған қаскүнем кісі танымастай өзгерген. Сөйтіп, кеңсеге кіріп, қару тәрізді затпен менеджерді қорқыту арқылы ірі көлемдегі қаражатты тартып алған", – дейді полицейлер.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 191-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Аталған бапта кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: "Қазақпен ерегісетін сияқты": Алматыдағы шеру Бекболат Тілеуханды ашуландырып жіберді