НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз — Sputnik. Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 17, пневмониядан 4 науқас көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 1 663 адам COVID-19 және 82 адам пневмония жұқтырған.
31 наурыздағы жағдай бойынша 24 642 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ-), олардың ішінде 8 327 пациент стационарда, 16 315 адам амбулаторлық жағдайда емделуде.
КВИ+ және КВИ- бойынша:
- ауыр жағдайда – 353 пациент,
- аса ауыр хәлде – 76 науқас;
- 46 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Пандемия басталғалы 244 981 адам коронавирус жұқтырды, 3 046-сы қайтыс болды.
Өткен жылдың 1 тамызынан пневмонияның 50 525 жағдайы тіркелді, бұл дерттен 688 адам көз жұмды.