Өңірлер

Бес өңір коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр

Ақтөбе облысында өткен тәулікте коронавируспен ауырған 82 адам анықталды. Науқастар саны бойынша көшбасшы – Алматы қаласы, мұнда бір күнде 526 жаңа науқас тіркелді
Sputnik

АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрған өңірлер саны көбейді, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігі.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бар.

"Сары" аймақта: Алматы және Қарағанды облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта – қалған барлық өңірлер.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында өткен тәулікте коронавируспен ауырған 82 адам анықталды. Науқастар саны бойынша көшбасшы – Алматы қаласы, мұнда бір күнде 526 жаңа науқас тіркелді.