Экономика

ЕАЭО-ға қатысты сын: Сұлтанов Қазақстанның одақтағы орны туралы айтып берді

Министр Бақыт Сұлтанов ЕАЭО мүше елдер экономикасын "жақындатуға" және сенімсіздік дәрежесін төмендетуге не көмектесетінін айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болу не үшін керек екенін сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтып берді.

"Біздің елдің ЕАЭО мүшелігіне қатысты сын, ең алдымен, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы жетекші емес позициясына байланысты жиі айтыла бастады", - дейді сауда және интеграция министрлігі сайты.

Қазіргі уақытта халықаралық экономикада жекелеген ел нарығы үшін емес, өңірлік сауда бірлестігінің нарығы үшін бәсекелестік жүріп жатыр деп атап өтті министр.

"Мен қызмет бабымен әлеуетті инвесторлармен жиі кездесемін. Олардың көпшілігі өз бизнесінің табыстылығын Қазақстан нарығына бағдар ретінде емес, Ресейге экспорт әлеуеті тұрғысынан бағалайды", - деді Сұлтанов.

Қазақстан тауар өткізу жүйесінде ауыл шаруашылығы өнімі ағынын Сібірге бағыттайды, деп қосты министр.

Әр интеграциялық бірлестікте экономикалық көшбасшылар болады. Экономикалық қуаты аз ел күшті серіктес есебінен өз деңгейін көтереді деп есептейді Сұлтанов.

Мысалы, еуропалық одаққа 27 мемлекет кіреді. Барлық өзара сауда-саттықтың төрттен бірі еуропалық одақтың көшбасшысы – Германия үлесінде.

"Оған жалпы өңірлік ішкі өнімнің, мұнай мен газ өндірудің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық экспортының негізгі үлесітиесілі", - деді Сұлтанов.

ЕАЭО біз үшін тиімді ме

ЕАЭО-ның Қазақстан үшін маңызды екені даусыз, деп есептейді Сұлтанов.

"Бес жыл ішінде бірыңғай экономикалық кеңістікте тауардың, қызметтің, жұмыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұлттық заңнамасының қомақты жиымы құрылды", -деп жазды Сұлтанов.

Ол барлық шешімдер консенсус арқылы қабылданатынын, әр мүше мемлекет жалпы ішкі өніміне, қаржы жарнасының мөлшеріне немесе халық санына қарамастан, тең дауысқа ие болады.

"ЕАЭО мүше-мемлекеттеріне 2015-2019 жылдар үшін (өткен жылы саудадағы барлық көрсеткіштерді өзгертті) біздің экспорт (оның ішінде шикізаттық емес) 25%-ке немесе 5,1-ден 6,4 млрд долларға дейін өсті (Ресейге - 25%, Беларусьқа - 2 есе, Қырғызстанға - 20%, Арменияда - 6 есе)", - деп атап өтті Сұлтанов.

ЕАЭО-дағы кедергілер мен шектеулер

Министр ЕАЭО-да көптеген кедергілер мен шектеулер бар екенін, әр ел өз өндірушісінің мүддесін қорғайтынын айтты. 

"Еуразиялық одақ алаңында бизнестен түсетін, саудада кедергінің болуы туралы шағымдарды қарау мерзімі үш айды құрайды, ал дүниежүзілік сауда ұйымында мұндай іс екі-үш жылға созылуы мүмкін", - деп қосты Сұлтанов.

Экономикалық интеграцияның салдары әрдайым бірдей бола бермейді, деп атап өтті ол.  

"Ресей басты сауда орталығы болып қала беретін одақ ішінде теңгерімсіздік байқалғанымен, Қазақстан үшін өнім өткізу нарығы кеңеюде, кедендік төлемдермен шығын қысқаруда, еркін сауда аймақтары шеңберінде елдердің нарығына қол жеткізу жеңілдейді", - деді Сұлтанов.  

Вьетнам, Сингапур, Сербия, Иран жекелеген Қазақстанмен, Ресеймен немесе басқа республикалармен емес, Еуразиялық одақпен "дос" болғысы келді. 

Еуразиялық одақта өнеркәсіптік кооперацияға баса назар аударылып, кейіннен бірлескен өнім үшінші елдерге шығарылады, деп көрсетті министр.

"Бұл бізге экономикамызды "жақындатуға" көмектеседі және қалған сенімсіздік дәрежесін төмендетеді" – деді ведомства басшысы.

ЕАЭО-дағы ынтымақтастықтың өзара тиімділігін күшейту мәселелері әлі де көп, бірлестікке жекелеген қатысушылардың санкциялық қысымына байланысты саудада кедергілер мен қиындықтар бар. Дегенмен, экономикалық және экономикалық емес те пайдасы басым, деп қорытындылады сөзін сауда және интеграция басшысы.