Қоғам

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды

Коронавирус пандемиясы басталғалы Қазақстанда 241 873 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, 3 014 адам көз жұмды
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 22 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір күнде коронавирустан 20 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1 492 адамнан коронавирус анықталды, 22 адам пневмонияға шалдықты.

29 наурыздағы мәлімет бойынша, 23 797 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 102 пациент стационарда, 15 695 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастар арасында 351 адамның жағдайы ауыр, 79 пациенттің жағдайы өте ауыр екені хабарланды. 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы басталғалы Қазақстанда 241 873 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, 3 014 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бері 50 433 адам пневмонияға шалдықты, 682 адам қайтыс болды.