Оқиға

Павлодар облысында жас жігіт түнгі төртте жазатайым оқиғаға ұшырады

Елу бір жастағы әйел төртінші қабаттағы пәтерінің балконынан құлаған сәтте мас күйде болғаны анықталды
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында демалыс күндері бірден үш жазатайым оқиға болды, деп хабарлады жергілікті Pavlodarews.kz сайты.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақсу қаласында 27 наурызда сағат 04:00 шамасында 25 жастағы жігіт жөндеу жұмыстары кезінде баспалдақпен төмен түсіп келе жатқанда, абайсызда 2,4 метр биіктіктен құлап кеткен.

"Жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 1996 жылы туған науқасқа шат және жамбас сүйегінің жабық сынуы диагнозы қойылған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлық деңгейде деп бағалады. Қазіргі кезде оның жағдайы бірқалыпты.

Сондай-ақ, 27 наурызда сағат 08:10-да Екібастұз қаласының 51 жастағы тұрғыны төртінші қабаттағы пәтерінің балконынан құлап кеткен. Әйел құлаған сәтте мас күйде болғаны анықталды.

Осы күні кешке Байет ауылында 52 жастағы тұрғын үйдің ауласында абайсызда сарай төбесінен құлап кетті.

Оқи отырыңыз: Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Алтай қаласының тұрғыны 4 қабатты тұрғын үйдің шатырында қар күреп жүріп құлап кеткен еді. Алайда ер адам ауруханаға бармаған. Керісінше, қайтадан шатырға көтеріліп, қар күреуді жалғастырған.