Оқиға

Павлодарда қоқыс маңынан ер адамның мәйіті табылды

Ер адамды пышақтап өлтірді деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды. Ал қылмысқа не себеп болғаны туралы мәлімет жоқ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Павлодардағы Лермонтов көшесінде орналасқан қоқыс контейнерлерінің жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны қарын тұсынан пышақпен жаралаған, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел адам ұсталғанын мәлімдеді.

Қазіргі кезде полицейлер осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ал аталған бапта мұндай қылмыс үшін 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Күдікті Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысты барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.