Өңірлер

Екібастұзда төртінші қабаттан құлап кеткен мас әйел аман қалды

Әйел қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр, оның жағдайы тұрақты бірақ ауыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Екібастұзда ішімдік ішкен әйел абайсызда төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева Sputnik Қазақстан сұрауына жауап берді. Оның айтуынша, 51 жастағы тұрғынның бірнеше омыртқасы сынған, жабық жұлын жарақатын, өкше сүйегінің жабық сынығы және бас, дене, аяқ-қол жарақатын алған.  

Оқи отырыңыз: Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды – видео

Әйел қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр, оның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр.