Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз жоғалған 90 адам табылды

Хабар-ошарсыз жоғалып кетудің ең көп тараған себептері – алкогольді ішімдікке тәуелділік және отбасылық жанжал
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жақындарының жоғалып кеткеніп айтып, 91 рет полициядан көмек сұраған. Оның ішінде 86 адам тәулік ішінде туыстарымен қауышты, қалғаны да табылды, деп хабарлады Policia.kz.

"Жыл басынан бері облыс тұрғындары полицияға 91 рет туыстарының хабар-ошарсыз кеткендігі туралы арыз түсірді.  Оның ішінде 86 адам кезекші тәулікте табылды. Қалған жағдайларда іздеу салынды. Бүгінде олардың барлығы табылды", - деді Петропавл қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Дархан Зияфиддин.

Алкогольге тәуелділік адамдардың із-түзсіз жоғалып кетуіне себеп болатын жағдайлар жиі кездеседі. Басқа себептердің арасында отбасылық жанжал да бар. Ал кейде адамдар өздерінің жоспары туралы ешкімге ескертпестен кетіп қалады, деп атап өтті Зияфиддин.

"Балықшылар ауы оралып қалған": Атырауда жұмысқа кеткен тұрғынның мәйіті табылды

Оның айтуынша, жедел уәкілдер учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, олардың қарым-қатынас жасайтын ортасын анықтайды. Көбіне полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді белсенді қолданатын еріктілер қозғалысының қатысушыларын тартады.