Видео

Түлкі мен қанден қалай достасты – ерекше жұп туралы видео

Түлкі Лиза мен қанден Чиха Калининградтағы "Жалғызбасты мысықтар үйін" паналап жүр. Лиза мұнда көлік қағып кеткеннен кейін жеткізілген 
Sputnik

Дәрігерлер үш айлық мыршайға (түлкінің күшігі) бас сүйек-ми жарақатын алған, жақ сүйектері сынған және ымыртта көру қабілеті нашарлаған деген диагноз қойды. 

Үй жануары Чиха "мысықтар үйіне" кездейсоқ түскен, бірақ ол Лизамен тез достасып кеткен. Чиха мен Лиза қуыспақ ойнап, сол сәттен бастап достасады. Енді олар бір-бірінен ажырамайды.

Үй қандені жабайы аңға баспана жағдайына бейімделуге көмектесті. Жануарлар бір-біріне қатты бауыр басып қалды. Қанден тіпті түлкінің үйшігінде ұйықтайды.

Түлкі енді жабайы табиғатқа бейімделіп, өздігінен жемтігін аулай алмайтындықтан, жануарлар үйінде қалады. Лиза мұнда 20 жылға дейін өмір сүре алады.

Түлкі мен иттің ерекше достығы жайлы материалды видеодан көріңіз.