НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Африкалық шіркеулердің бірінің балгері ауылдастарына өзін тірідей жерлеткен, деп жазады Zambiawhatchdog.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, Замбиядағы елді мекендердің бірінің 22 жастағы тұрғыны өзіне қабір қазған. Содан кейін шіркеу қызметкері мен тұрғындарды өзін көмуге көндіреді. Олар балгердің тіріліп кеткенін күтіп тұрғанда жігіт жердің астында жан тапсырған.
Африкадағы сион шіркеулері – бұл ұсақ діни-қоғамдық ұйымдар. Шіркеу балгерлері өз қызметінде "сиқырлық" салт-жораларға жүгінеді.