Фото

Жасанды интеллект: адамға ұқсас роботтар қалай жасалады – фото

Sputnik

Promobot компаниясы бүгінде Еуропадағы дербес сервистік роботтардың ірі өндірушісі ретінде танылған.

Промобот – бизнеске арналған сервистік робот. Ол адаммен әңгімелесіп, танып, өз бетінше қозғалады. Мұндай робот дербес яғни, адамның бақылауын қажет етпейді.

Бүгінде промоботтар кеңесші, гид, әкімші, промоутер, консьерж ретінде әлемнің қырық елінде қызмет етіп жүр. Промобот мәліметтер базасы, қауіпсіздік жүйесі, сайттар мен сервистер секілді кез-келген сыртқы жүйеге қосыла алады. Мұндай роботты Сбербанктен, кейбір музейлерден, Дубай-Моллдан, Балтимор-Вашингтон әуежайынан кездестіріп қалуыңыз ғажап емес.

Владивосток – Promobot компаниясы орналасқан төртінші қала. Сколково резидентінің өндірісі мен штаб-пәтері Пермьде, америкалық кеңсе Филадельфияда, ал азиялық өкілдік Гонконгте орналасқан.

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект: жүз жыл бұрын "робот" сөзі қолданысқа енді – фото

Promobot компаниясының қиыршығыстық бөлімшесі Robo-C адам тектес роботтарға арналған әзірлемелерге, шынайы жасанды тері мен андроидтың 3D үлгісін әзірлеуге жұмылдырылған.

Ресейде әзірленген адамға ұқсас роботтарды суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

1 / 12
Адамға ұқсайтын роботтарды модельдеу орталығының қызметкері андроидтың басымен жұмыс істеп отыр.
2 / 12
Владивостоктағы адамға ұқсайтын роботтарды модельдеу орталығында әзірленген гуманоид-роботтардың көзі.
3 / 12
Қиыршығыстағы "Промобод" бөлімшесі директорының орынбасары Александра Чегодаева мен директор Петр Чегодаев жасанды тері үлгісімен жұмыс істеуде. "Промобот" ресейлік робот өндірушісі Владивостокта R&D-бөлімше мен зертхана және кеңсе ашты.
4 / 12
Гуманоид-роботтардың біріне жасанды теріні өлшеп кигізіп жатыр.
5 / 12
Адамға ұқсайтын роботтарды модельдеу орталығының қызметкері экспонатпен жұмыс істеп отыр.
6 / 12
Промобот – бизнеске арналған сервистік робот. Ол адамдармен әңгімелесіп, оларды тани алады және өз бетінше қозғалады. Мұндай роботтар дербес яғни, адамның бақылауын қажет етпейді.
7 / 12
Қиыршығыстағы "Промобод" бөлімшесі директорының орынбасары Александра Чегодаева жасанды тері үлгісімен жұмыс істеуде.
8 / 12
Promobot компаниясы әзірлеген робот-гуманоидтың басы (сол жақта) бас үлгісінің жанында.
9 / 12
Промоботтар мәліметтер базасы, қауіпсіздік жүйесі, сайттар мен сервистер секілді кез-келген сыртқы жүйеге қосыла алады. Суретте: жасанды тері әзірлеу зертханасындағы эксперименттік үлгі.
10 / 12
Promobot робот техникасын дайындау кәсіпорны әзірлеген гуманоид роботтың басы.
11 / 12
Бүгінде промоботтар кеңесші, гид, әкімші, промоутер, консьерж ретінде әлемнің қырық елінде қызмет етеді. Суретте: жасанды тері әзірлеу зертханасындағы эксперименттік үлгілер.
12 / 12
Қиыршығыстағы "Промобод" бөлімшесінің директоры Петр Чегодаев пен суретші Виктор Деренк жасанды тері әзірлеу зертханасының өндірістік бөлмесінде.