Өңірлер

Жаңаөзенде полиция антитеррористік операция өткізді – видео

Жаңаөзен тұрғындары қаруланған полиция қызметкерлерін видеоға түсіріп алған. Полиция осы жағдайға қатысты түсініктеме берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Полиция департаменті қала аумағында антитеррористік оқу-жаттығу операциясы өткізілгенін хабарлады.

Антитеррористік операция 25-26 наурызда өткізілді, деп жазады өңірлік "Лада" басылымы.

"Қала тұрғындарын дүрлікпеуге шақырамыз. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды өтінеміз. Оларға мүмкіндігінше көмек көрсетуге тырысу керек", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция иесіз жатқан сөмке, қорап, орамал, қап, чемодан секілді заттарға назар аудару қажеттігін атап өтті.

"Күдікті заттарға жоламаңыздар және бөтен адамдардан ештеңе алмаңыздар", - дейді тәртіп сақшылары.

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде Алматыда 34 мектепті "жарып жібермек болған" жалған террористің хаты жарияланды. Білім ордаларының ешқайсысынан жарылғыш зат табылған жоқ.