Қоғам

Министр Қазақстанда 1 сәуірден бастап қандай өзгеріс болатынын айтты

Қазақстандықтар әр өңірде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын күн сайын біліп отыра алады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қазақстанда 1 сәуірден бастап коронавирусқа қарсы вакциналау есептегіші пайда болады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Біз 1 сәуірден бастап вакциналау есептегішін іске қосамыз. Президент әкімшілігінің тапсырмасы бар. Өңірлер бойынша күн сайын коронавирус жұқтырғандардың статистикасына ұқсас есептегіш "ілініп тұрады". Ол біздің сайтта орналасады", - деді Цой Алматыда өткен отырыста.

Есептегіш Қазақстанға қанша вакцина түскенін және қанша адам екпе алғанын көрсетеді.

Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейіін алты миллион адамды вакциналау жоспарланып отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті

26 наурыздағы мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алғандар саны – 110 861, екінші компоненті 25 318 адамға егілді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстан мен Ресей "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының миллион дозасын жеткізу туралы уағдаласқанын мәлімдеді.