НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бен коронавирус белгілері бар пневмониядан бір тәулікте қанша науқас көз жұмғанын хабарлады.
25 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирустан 17 пациент, ал пневмониядан бес адам қайтыс болған.
Мұның алдында бір тәулік ішінде індеттен 14 науқас көз жұмған еді.
Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 2 980, ал пневмониядан 677 адам қайтыс болды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда бір тәулікте вирус жұқтырған 1500-ге жуық адам анықталды
27 наурыздағы мәлімет бойынша, қазір республикада 22 746 адам короновирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 342 адамның жағдайы ауыр;
- 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 47 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдары анықталғанын мәлімдеді.