Қоғам

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

Қазіргі уақытта 321 адамның жағдайы ауыр, жетпіс бес адам аса ауыр хәлде жатқаны хабарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Денсаулық министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.

24 наурыздағы ақпарат бойынша коронавирустан 11 адам, үш науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 2 963 адам, пневмониядан 672 науқас қайтыс болды (1 тамыз - 24 наурыз аралығы).

26 наурыздағы жағдай бойынша 22 131 адам (19 623 КВИ+ және 2 508 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр: 6 981 науқас стационарда, 15 150 пациент үйде.

КВИ+ және КВИ- жұқтырғандар бойынша:

  • ауыр жағдайда – 321 пациент,
  • аса ауыр хәлде – 75 адам;
  • 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.