Өңірлер

Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Шымкентте карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды. Сауда ойын-сауық орталығы 9.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Шымкенттің бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев коронавирус пандемиясына байланысты қаладағы карантин шараларын 12 сәуірге дейін ұзартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осылайша шектеу шараларына байланысты меншік нысанына қарамастан барлық ұйым қызметкерлерінің кемінде 30%-ін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруы қажет.

Азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар жұмыс күндері 6.00-ден 18.00-ге дейін және демалыс күндері 9.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады.

Дәмхана мен мейрамханалар 50 адамнан көп адамды қабылдамай, 7.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.

Мерекелік іс-шаралар мен отбасылық жиындар, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Қайтыс болған кісіні еске алу шараларын 50 адамнан көп жиналмай өткізуге болады.

Спа-орталықтар, сұлулық салондары, шаштараз, монша, сауна 9.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Нысан тек жартылай толық болуы керек.

Сауда ойын-сауық орталығы 9.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады.