Әлем

Екі жолаушылар пойызы соқтығысты: 32 адам көз жұмды

Мысырдың оңтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 32 жолаушы қаза тапты, 60-тан астамы жарақат алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Мысырдың оңтүстігінде екі пойыздың соқтығысуынан 32 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости.

​Оқиға Сохаг провинциясының Тахта қаласында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, біреу тоқтату кранын тартқаннан кейін бір пойыз екіншісіне соғылған.  

"Пойыздардың соқтығысуы салдарынан 32 адам көз жұмды, 66 адам жарақат алды", - деп мәлімдеді Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Халед Мугахед.

Денсаулық сақтау министрі Хала Зайд жағдайды бақылау үшін оқиға орнына аттанды.