Өңірлер

Облыстардың бірі коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енді

Қазақстан өңірлерінде коронавирус таралуы бойынша қандай аймақта тұрғанына байланысты карантиндік шектеулер енгізіледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдің әр аймағындағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

25 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Атырау облысы "қызыл" аймаққа енді.

Қазір коронавирустың  таралуы бойынша "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бар.

"Сары" аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары енді. Қалған барлық өңірлер "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, Қазақстан өңірлерінде коронавирус таралуы бойынша қандай аймақта тұрғанына байланысты карантиндік шектеулер енгізіледі.

21-28 наурыз аралығында Алматыда карантин күшейтілді. Қалада сауда-ойын сауық орталықтары, дәмхана, фитнес-орталықтардың жұмысына тыйым салынды. Мұндай шара науқас саны көбеюіне байланысты қабылданды.