НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстанның денсаулық министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы ақпарат берді.
11 адам COVID-19-дан, екі адам пневмониядан көз жұмды.
Барлығы елде 2 952 адам коронавирустан, 669 науқас COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.
25 наурыздағы жағдай бойынша 22 124 адам КВИ-ден (19 505 КВИ+ және 2 619 КВИ-) емделіп жатыр: 6731-і стационарда, 15 393 пациент үйде.
КВИ+ және КВИ- ауырғандар бойынша ақпарат:
- ауыр жағдайда – 307 пациент;
- аса ауыр хәлде – 76;
- өкпені жасанды желдету аппаратына 39 адам қосылған.