НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Австрияда шаштараз, сұлулық салондары сынды клиентпен тікелей қарым-қатынас қарастырылған қызмет көрсету орындарына кіру үшін коронавирусқа тест тапсыру қажет, деп жазады РИА Новости.
"7 сәуірден бастап дүкендерге кіру үшін тест қажет болады", - деп атап өтті Австрияның денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Рудольф Аншобер баспасөз конференциясында.
Ол дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінен басқа барлық сауда-саттық орындарына кіру үшін тест қажет болатынын атап өтті.
Бұған дейін Австрия билігі аймақтардағы жағдайға байланысты шектеу шараларын жұмсартып, күшейту туралы шешім қабылдап отырған еді. Қазіргі уақытта британдық мутацияның таралуына байланысты елдің шығысындағы жағдай нашарлап, ауруханалардағы, әсіресе, жансақтау бөліміндегі жағдай алаңдатып отыр.
Медицина жүйесіне күш түсірудің алдын алу үшін 1-6 сәуір аралығында елдің үш аймағы қайтадан қатаң карантинге жабылады.