Санкт-Петербург тұрғыны Антон Димов коронавирусқа шалдыққан. 12 сағат ішінде жүрегі он рет тоқтап, дертті жеңіп шықты.
Ол бәрі артта қалғанда жансақтау бөлімінде есін жинаған. Кейін өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, тағы бір-екі күн жатты.
Дәрігерлер реанимациялық шараларды он шақты рет жасау тәжірибелерінде алғаш болғанын айтады. Сондықтан аман қалған Антонды "ковид жылының" ең басты жеңістерінің бірі деп атап отыр.