Қоғам

Баспана, вакцина және азық-түлік бағасы: Тоқаев Маминге бірқатар тапсырма берді

Президент "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Үкіметке "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

"Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев вакцинация мәселесі де өзекті екенін атап өтті. Биыл 6 миллион адамды қамту жоспарланған болатын.

Сондай-ақ мемлекет басшысы үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мамин кездесу барысында цифрлық платформа құру туралы берілген тапсырманың орындалу барысы жайында баяндады.