Саясат

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Олжас Жұмағұлов 2019 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Қазақстан үкімет басшысының өкімімен Олжас Жұмағұлов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. Америка  университетін, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген.

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

2013-2016 жылдары Қазақстан экономикалық даму және сауда министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2018 жылдың ақпаны мен шілдесі аралығында инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды.

2018-2019 жылдары премьер-министр орынбасарының кеңесшісі.

2019 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін – Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі.