Ракия Табалдиева Қырғызстандағы "Жыл әжесі" сұлулық байқауына қатысты. 64 жаста әйел 56-дан 70 жасқа дейінгі санатта жеңіске жетті. Байқауда Гүлмира Жалиева да жеңімпаз атанды, ол 52 жаста.
Әйелдер Sputnik Қырғызстанға өздерінің сұлулық құпиясын бөлісті. Гүлмира Жалиеваның айтуынша, өзіңе уақыт тауып, күтіну өте маңызды.
"Сыртқы келбет туралы ғана айтып отырған жоқпын: егер рухың сөнсе, оны бірде-бір косметика жасыра алмайды. Дамыңыз, өзіңізге қамқорлық жасаңыз, денсаулығыңызды күтіңіз, армандауға және мақсатыңызға жетуге мүмкіндік беріңіз", - деді 52 жастағы Гүлмира Жалиева.
16 немересі мен бір шөбересі бар 64 жастағы Ракия Табалдиева туыстарың мен жақын адамдарыңның қолдауы өте маңызды деп санайды.
"Егер отбасым болмаса, сұлулық байқауына қатысуға батылым жетпес еді... Бірақ отбасым мені қатысуға көндіріп, қолдады. Конкурс барысында күнделікті тұрмыс пен үй шаруасы екінші орынға ығысты. Демек жақын адамдарыңның қолдауы және олардың түсіністік танытуы біздің өмірімізді жеңілдетеді", - деді байқау жеңімпазы.